Алматыда көліктеріне дауыс зорайтқыш орнатқан 705 жүргізуші ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Алматы жолдарында көліктеріне гүрілдеген дауыс шығаратын құрылғы орнатқан 705 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті полиция қызметі мәлім еткендей, әуесқойлар күн жылынғанда белсенді бола бастайды. Көлік жарыстарының алдын алу үшін патрульдік полиция атвоәуесқойлардың жиналатын орны мен жарыстарды ұйымдастыруды бақылауда.

«Жыл басынан бері қатардағы бөлімшелер біздің қаланың жолдарында 57 мыңнан астам жол ережесін бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін 705 адам, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз көлік құралын басқарғаны үшін – 820 адам, жалған МТНБ көлікті басқарғаны үшін – 117, мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін – 461, КҚ терезесін қараңғылағаны үшін – 3 мың 567 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, көлік құралын айдау құқығынан айырылған 75 жүргізуші ұсталды», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Бұған дейін полицияда тіке ағыны бар көліктердің, бәсеңдеткіштермен орнатылған резонаторлардың жұмысына бақылауды күшейту туралы хабарлаған. Бұл көліктердің қозғалысы, көбінесе агрессивті, әдетте, үнемі азаматтардың тыныштығын бұзатын гүрілдеу, шу және басқа да дыбыстармен жүреді.

«Тәжірибе көрсеткендей, автокөлік жүргізушілерінің бұл бөлігі әсіресе түнде белсенді болады. Тұрғын үйлері қаланың үлкен көшелеріне жақын жерде орналасқан массив тұрғындары ең көп зардап шегеді. Осыған байланысты мамандандырылған батальон мен жол-патрульдік полиция полкінің жеке құрамы көліктің осы түрін анықтауға және ұстауға, заңға сәйкес шаралар қабылдауға бағытталған»,- дейді спикер.


Соңғы жаңалықтар