Алматыда көліктерімен жолда бұзақылық жасағандар 10 тәулікке қамалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әл-Фараби бойында жол қозғалысын бөгеп, «форсаж» ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сот 26 жастағы Құрбанов Тамаз бен 23 жастағы Мамедов Афганды ҚР ӘҚбК 434-бабы бойынша айыпты деп тауып, 10 тәулікке қамауға шешім шығарды. Айта кету керек, Алматыда бірнеше көлік Әл-Фараби көшесінің бойында тұтас жолды бітеп, «форсаж» ұйымдастырған болатын. Жол бойындағы «дрифт-шоу» бейнекамераға түсіп қалған. Қалалық полиция көлік қозғалысына кедергі келтірген азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нақтырақ айтқанда, 26 жастағы Құрбанов Тамаз бен 23 жастағы Мамедов Афган әкімшілік кодекстің 7-бабы бойынша айыпқа тартылды. «Lexus IS» тізгіндеген Құрбанов ҚР ӘҚбК 606-бабының 1-тармағы (апатты жағдай тудыра отырып жол ережесін бұзу), 614-бабы (көліктерге кедергі келтіру), 590 -бабының 1-тармағы (анық көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірімен жолға шығу) бойынша жауап беретін болады. Ал «Мицубиси Лансер» тізгіндеген Мамедовке қатысты әкімшілік полиция басқармасымен 4-бап бойынша: ҚР ӘҚбК 606 бабының 1-тармағы (апатты жағдай тудыра отырып жол ережесін бұзу), 614 -бабы (көліктерге кедергі келтіру), 590-бабының 1-тармағы (анық көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірімен жолға шығу), 601-бабының 1-тармағы (жол белгілеріне назар аудармау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды .Сондай-ақ, ашық жолды әдейі бітеп, қасақана жылдамдықты азайтқан той кортежінің тағы үш көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚбК 614 -бабы (көліктерге кедергі келтіру) хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар