Алматыда көліктен аяғын салбыратып жүрген жолаушы үшін жүргізуші жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көліктен аяғын салбыратып жүрген жолаушы үшін көлік жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл бейнеролик Инстаграм желісіндегі «almaty_dtp» паблигінде жарияланған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнекадрда көшеде кетіп бара жатқан көліктен адамның екі аяғы салбырап тұрған.

Полиция жол ережесін бұзған Тойота жүргізушісін ұстады.

«Бұл қызық болғанмен, егер төтенше жағдай бола қалса күлуге шама болмай қалады. Жол ережесі адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалған. Жас жігіттер ерігіп бара жатқанда арттағы жүргізуші камераға түсіріп алған. Жүргізуші жолаушыларды тасымалдаған кезде қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс. 19 жастағы жүргізушіге ҚР ӘқбК 593-бабының 1-бөлімімен 5 АЕК, 12042 теңге айыппұл салынды», - деді жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.

Соңғы жаңалықтар