Алматыда көлік жөндеу стансасында өрт: 5 көлік өртеніп, 2 адам жапа шекті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сейфуллин-Жансүгіров көшелерінің қиылысында орналасқан "Авант" техникалық қызмет көрсету стансасы өртке оранды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады. Төтенше жағдай туралы хабарлама кезекші пультына сағат 17:41-де түскен.

Оқиға орнында 2 адам жапа шекті. Қызыл жалын сондай-ақ 5 көлікті жарамсыз етті. Тілсіз жау стансаның ішінде тұрған 4 көлікті шарпыған. Кейін қасындағы автожууға көшіп, оның ішіндегі тағы бір көлік өртке оранды. Қазір көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлері анықталып жатыр. Өрт сөндіру бригадасының 15 арнайы техникасы мен 48 жеке құрам қызметкері тілсіз жауды сағат 18:28-де ауыздықтады.

Соңғы жаңалықтар