Алматыда көлік жол үстінде өртеніп кетті
2018 жылғы 15 ақпан 16:51

Алматыда көлік жол үстінде өртеніп кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби көшесімен кетіп бара жатқан көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Toyota көлігі әл-Фараби көшесінде өртке оранды. Жүргізушінің айтуынша, өрт көліктің қозғалтқыш орналасқан алдыңғы бөлігінен басталған. Жалындаған от көліктің салонына көшкен. Тілсіз жауды өрт сөндіру қызметі келіп ауыздықтаған.

Алматы қаласы бойынша ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Сандуғаш Баймуханбетова өрт туралы ақпарат 15:09-да түскенін растады.

«15 ақпан күні сағат 15:09-да әл-Фараби көшесінің Дулати көшесімен қиылысар тұсында көлік өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Өрт сөндірушілер 15:17-де оқиға орнына барды. «Toyota Harier» көлігі өртенгені анықталды. Өрт 15:20-да ауыздықталып, 15:24-те толықтай сөндірілді», - деді ол.

Оқиғадан ешкім жараланған жоқ.
null null null null

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT