+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Алматыда көлік ұрылары ұсталды

2019 жылғы 11 қазан 16:06
Бөлісіңіз:
Алматыда көлік ұрылары ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы автокөлік ұрлаумен айналысқан екі адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда бетперде киген қарақшылар балаларды оңалту орталығына басып кірген Шымкентте медбикені ауруханада зорлады деп айыпталған дәрігер сотта ақталып шықты Таразда із-түссіз жоғалып кеткен 8 адам табылды

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы облысының 21 жастағы тұрғындары 1 ай уақыт ішінде Әуезов, Бостандық, Жетісу аудандарында көліктерді ұрлаумен айналысқан. «Тергеу нәтижелеріне сәйкес олар көбінесе «Мазда», «Митсубиси», «Тойота» көліктерін олжалауға тырысқаны анықталды. Ұрланған көліктерді олар ескі гаражға әкеліп, бөлшектеп отырған. Қазіргі таңда бұл дерек ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Көліктердің барлығы иелеріне тапсырылды.

Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», - деді Қалалық Полиция департаментінің басқарма басшысы Жанболат Зиадин.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT