Алматыда көлік ұрлаумен айналысып жүрген әккі ұры қолға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік тонаумен және оны ұрлаумен айналысып келген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚаАқпарат тілшісі. 

23 жастағы жігіт Шығыс Қазақстан облысының тумасы болып шықты.

Күдікті Алматыға келіп-кетіп жүрген кезінде оңай олжа табумен айналысқан.

Полицияның хабарлауынша, ер адам тұрғылықты мекенжайы болмағандықтан, хостелдерге екі тәуліктен аса тұрақтамаған.

«Күдікті көлік терезесін сындырып, видеорегистратор, магнитола, ақша, түрлі гаджеттерді қолды еткен. Ер адам мұнымен қанағаттанбай көліктерді айдап кетіп, кейін оны бөлшектеп сатып отырған. Соңғы екі көлікті ол сатып үлгермеді, жолда қалдырып, қашып кеткен», - деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы, полиция полковнигі Құмарбек Кеншінбаев.

Тек қана Алмалы ауданының өзінде күдіктінің 7 автокөлікті тонау, 2 көлікті айдап әкету әрекетіне қатысы бар екені анықталды.

Қазір ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі мен 200 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Күдікті қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар