Алматыда көлік ұрлаумен айналысқандар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полицейлері көлік ұрлаумен айналысқандарды ұстады, топтың құрамында өзбекстандық азамат бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мүлкін қолды етуді әдетке айналдырғандардың біреуі З. есімді азамат бұрын сотталған, екіншісі А. атты күдікті Өзбекстан азаматы болып шықты. Олар «ВАЗ» және «Лада» маркалы 2 көлікті айдап кеткен. Сонымен қатар, күдіктілердің 20 автокөлік батареясын ұрлағандары анықталды.

« Күдіктілер еш жерде жұмыс істемейді. Олар нәпақаларын авткөліктердің батареясын ұрлап, сатумен тапқан. Кейін қылмыстық жолмен көлікті айдап әкетпекші болған. Алайда олардың бұл арам пиғылдары жүзеге аспады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Ұрланған автокөліктер иелеріне қайтарылды, аккумуляторлар тәркіленіп қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Қазір ҚРҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», -деді Алматы қалалық Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

Сонымен қатар, Әуезов ауданының тәртіп сақшылары күдікті ретінде 1994 жылы туған Ж. атты азаматты ұстады, ол Ақсай-5 ықшамауданында тұратын таныстарының пәтеріне кіріп, көліктің кілтін ұрлап оны айдап кеткен. Белгілі болғандай, бұл күдіктінің жасаған алғашқы қылмысы емес.

«Көліктің бұзылып қалуына байланысты ұры алысқа кете алмайтынын сезіп «Шевроле Круз» автокөлігін қызмет көрсету орталығына қалдырып ішінен әмиянды алып кеткен. Алайда, ол әмиянда құжаттан басқа ештеңе болмаған. Ұсталған күдікті енді осы әрекеттері үшін заң алдында жауап береді»,- деп толықтырды Жанболат Зиадин.

Соңғы жаңалықтар