Алматыда көлік ұрлауды кәсіп қылған 20 жастағы жігіт қолға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Volkswagen Passat» маркалі көліктерді ұрлауды кәсіп қылған жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 жастағы жігіттің Алматы территориясында екі көлікті қолды еткені анықталды.

Бірақ, полиция көлігінен айырылғандардың саны бұдан көп болуы мүмкін дейді.

«Ер адам түн ішінде көліктердің есігін бұзып кіріп, алып кетіп отырған. Бүгінде 800 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Тергеушілердің айтуынша, ер адам айдап кеткен көліктерін Панфилов ауданындағы Жаркент қаласына асырып отырған. Сосын ар жақта көлікті бөлшектеп сатып отырған», - деді қалалық Полиция департаментінің қылмыстық полиция басқармасынан.

Қазір аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді.

Соңғы жаңалықтар