Алматыда көлік ұрлаған жасөспірімдер апатқа ұшырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бөгде біреудің көлігін айдап кеткен жасөспірімдер апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік оқиғасы Саин көшесінің бойында, Райымбек көшесімен қиылысында болған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Mazda жол шетіне тоқтамақ болған кезде тежегіші істемей қалып, шеттегі қоршауға соғылған.
null

Көлікте кәмелет жасына толмаған 4 жеткіншек болған. Полиция келгенше олардың үшеуі оқиға орнынан ізін суытқан. Жүргізуші бала жарақат алғандықтан қаша алмаған.
null

Полицияның дерегі бойынша, бұл кезде Mazda-ның иесі көлігінің ұрланғанынан қаперсіз үйінде ұйықтап жатқан. Оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары тексеріп жатыр. 

null

Соңғы жаңалықтар