Алматыда көлік тораптары жаңғыртылып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының басты туристік «қақпасы» ретінде көлік тораптары жаңғыртылып жатыр. Бұл туралы «Туризмді дамытудың 100 қадамы» бағдарламасы бойынша өткен отырыста қала әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, келесі айдан бастап барлық қалааралық және халықаралық рейстер  «Сайран» автовокзалы арқылы іске аспақ. Қазіргі кезде ғимарат қайта жасалып, оның айналасы абаттандырылды, көлік- логистикалық инфрақұрылым жаңғыртылуда.

«Барлық заңсыз конструкциялар алынып тасталды. Ғимараттың кіреберіс бөлігін қайта жасау  жоспарланған, сонымен қатар такси тұрақтары мен халықаралық қатынас аймағы кеңейеді.  Нысан  ішінде локальді туристік орталық ұйымдастыру қарастырылуда, оған жақын және алыс шетелдермен жұмыс жасайтын қалалық туроператорлар  орналасатын болады. Автовокзал ғимаратының ішінде қоғамдық тамақтандыру  нүктелерін ашу үшін халықаралық брендтермен келіссөздер жүруде», - деді Мұрат Дәрібаев.

Бұдан өзге «Қазақстан темір жолымен» бірге «Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдарын қайта жасау жұмыстары жүруде. 200 автомобильді қысқа прокатка беру сервисін ашу жоспарланған. Өткен жылы Алматыда қоғамдық көліктің 479 бірлігі алынса, биылғы жылы тағы да 569  жаңа автобус қатарға қосылмақ.

 

Соңғы жаңалықтар