Алматыда көлік терезесінен денесін шығарып жүргендер жазаланды
2022 жылғы 13 мамыр 12:16

Алматыда көлік терезесінен денесін шығарып жүргендер жазаланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы полициясы әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін «Toyota Corolla» көлігінің жүргізушісін жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде көлік терезесінен денесін шығарып алған екі қыздың видеосы тараған болатын.


Бейнежазба тәртіп сақшыларының назарына ілініп, нәтижесінде жол ережесін бұзған 1996 жылы туған Н. есімді көлік жүргізушісі анықталды.
«Н. есімді азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 593 бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Жолдарда мұндай әрекеттерге жол берілмейді», - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT