Алматыда көлік сатумен айналысып жүрген алаяқ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда арзан көлік алып берем деп елдің 21 млн теңгесін қолды еткен жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бостандық ауданы ІІБ хабарлағандай, 33 жастағы Микаэл Шагитов автокөлік саудасымен айналысқан.

Біреулерді ломбардтардан нарықтағыдан арзан бағамен алып берем деп алдаса, кейбіреулерге қымбатқа сатып берем деп алдаған.

Осылайша өзгелердің көлігін иемденіп алып өз мақсатына пайдаланған.

«Аудандық ІІБ-ге 5 адам шағымданды. Жапа шеккендердің саны одан да көп болуы мүмкін. Шагитов барлығы 21 млн теңге көлемінде шығын келтірді деген күдік бар. Ол мұның алдында осы тектес қылмыс жасағаны үшін істі болған екен. Бұл адамның әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 254-47-00, 254-47-01, 254-47-02 телефондарына хабарласуын сұрайды», - деді Бостандық аудандық ІІБ басшысы Дәурен Өтебаев.

Соңғы жаңалықтар