Алматыда көлік сатумен айналысқан алаяқ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік сатудың ерекше схемасымен айналысқан алаяқ ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының 25 жасар тұрғыны «Мицубиси Галант» маркалы көлігін арзан сомаға сатып алып, бөлшектерін бөлек саудалап отырған. Айта кетерлігі, олар көліктің ішкі агрегаттық нөмірі жазылған кузовын бөлек алып, ұрланған болмаса, шетелден заңсыз айдалып келген көліктерге салу мақсатында қымбат бағаға сатқан.

«Көліктің бұл бөлігі нарықта үлкен сұранысқа ие. Олар көбінесе шетелден заңсыз әкелінген көліктерге, ұрланған көліктерге салынып жүр. Соған байланысты тұтынушыларға көлік алу кезінде осындай алаяқтықтан сақ болуын ескертеміз», - деді қалалық ІІД Криминалды полиция басқармасының автокөлік ұрлығын әшкерелеу бөлімінің басшысы, полиция капитаны Ғалым Тұрысбеков.

Соңғы жаңалықтар