Алматыда көлік салығын төлемеген 1295 джип иесінің ісі сотқа жіберілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қозғалтқыш көлемі 4 мың текше/см-ден асатын джип иелерінің құны 497 млн теңгені құрайтын ісі сотқа жіберілді.

Бұл туралы қалалық салық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір осындай 717 көлік иесінің ісі қаралып, оларға 278 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Аталған сот шешімі бойынша сот орындаушылары төленбеген салықты борышкерлердің жалақысынан, болмаса мүлігін тәркілеу арқылы өндіреді. Сондай-ақ осы салықты төлемеген жеке тұлғалардың шетелге шығуына тыйым салынады», - деді салық департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Соңғы жаңалықтар