Алматыда көлік отқа оранды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Медеу шатқалына шығар жолда жеңіл көлік өртке оранды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Медеу ауданы Горная көшесінде «Беладжио» мейрамханасы маңында көлік жанып жатқаны туралы хабарлама бүгін сағат 18:17-те түскен.

5 минутта жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 18:45-те сөндіріп үлгерді.

Жалын «Пежо 307» көлігінің 3 шаршы метр аумағын шарпып үлгерген.

Тілсіз жаудан ешкім зардап  шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар