Алматыда көлік өртенді

2019 жылғы 16 шілде, 17:11
Алматыда көлік өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әл-Фараби Қожанов көшелерінің қиылысында «Volkswagen Caravelle» көлігі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін 13:33 кезінде болған.

13:52 шамасында өрт сөндірілді.

Төтенше жағдайдан ешкім жапа шеккен жоқ.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar