Алматыда көлік қозғалысы бес есеге азайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көлік қозғалысы шамамен бес есеге азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 08.00-ден 09.00-ге дейін бейнебақылау жүйесі тіркеген көлік саны 4 836 болды. 11 наурызда осы уақыт аралығында көлік саны 19 546 тірелген.

«Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» аппараттық-бағдарламалық кешені көрсеткішін талдау, қаланың негізгі көшелерінде көлік қозғалысы едәуір төмендегенін көрсетеді. Қалада 35 бақылау-өткізу бекетінің ұйымдастырылғанын білесіздер. Бір тәулікте 18 798 көліктің қала ішінде жүру құқығының бар-жоғы тексерілді. Қаладағы аудандық полиция басқармасына себепсіз жүргені үшін 128 жүргізуші жеткізілді, 30 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.

Оның айтуынша, карантин режимі кезінде мегополисте көлік қозғалысы бес есеге азайған.


Соңғы жаңалықтар