Алматыда көлік қаққан екі қыздың бірі көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда көлік қаққан екі қыздың бірі көз жұмды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Жол апаты Жансүгіров пен Мусин көшесі қиылысында  болған.

Солтүстікке бағыт алған Mercedesтің алдынан екі бойжеткен оқыстан жүгіріп  шыққан.  Жүргізуші  тежегішті басып үлгермей қыздарды қағып кетті.  Неміс көлігі инерциямен тоқтамай қарсы беттегі  Daewoo Nexia көлігін соққан. Жол  апатынан жалпы 6 адам, екі жүргізуші,  екі жолаушы, екі жаяу жүргінші зардап шекті.

Ауыр жарақат алған қыздардың бірі ауруханаға жеткен соң көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар