+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кеңес құрылды

2021 жылғы 17 маусым 17:40
Бөлісіңіз:
Алматыда көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кеңес құрылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің жанынан қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кеңес құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
44 рет жол ережесін бұзған ШҚО тұрғыны айыппұл төлемей жүрген Алматыдағы коронавирус: тәулігіне мыңға жуық науқас тіркелді Алматыда үй карантинін бұзған 82 адамға айыппұл салынды

Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кеңестің бірінші отырысында қоғамдық көліктердің жұмысы, жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі және веложолақтарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Мегаполис басшысы кеңестің қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту және Vision Zero Almaty тұжырымдамасы аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша нақтылы шешімдерді талқылау және қабылдаудың диалог алаңына айналатынын атап өтті.

Кеңес құрамына осы саланың сарапшылары, қоғам белсенділері және кәсіпорындардың басшылары енді.

Кеңес қаланың көлік инфрақұрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді әрі олардың жүзеге асуына мониторинг жүргізеді және баға береді, оның ішінде көлік саласындағы Мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларын бақылайды, сондай-ақ көлік саласында туындаған қоғамдық мәселелер бойынша консультативті көмек көрсетеді.

Бақытжан Сағынтаев кеңес мүшелері әрқайсысының жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне және қаланың көлік жүйесін дамытудың кешенді жоспарын жетілдіруге өз үлестерін қосатынындарына сенім білдірді.

Алғашқы кездесу барысында жолаушылар тасымалының сапасы, жол инфрақұрылымының қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігі, Алматының Бас жоспарындағы көлік бөлімінің мәртебесі туралы мәселелер көтерілді.

Сәтбаев көшесі бойымен Щепетков көшесінен Манас көшесіне дейінгі велосипед қозғалысын ұйымдастыру жобасы жеке қаралды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT