Алматыда көлік апатында анасы мен қызы мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік апатында анасы мен 3-4 жастағы қыз бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің айтуынша, Audi автокөлігі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта кетіп бара жатып, бар жылдамдығымен келіп жүк көлігіне соғылған.

Жолда тұрған жүк көлігінде арнайы ескерту белгісі ілініп тұрған.

Бастапқы болжам бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі жүк көлігін кеш байқағандықтан автомобилді тежеп үлгермеген. 

Қазір жол апатының себеп-салдарын полиция анықтап жатыр.

null null null null

Автор: Шолпан Оразбекова

Соңғы жаңалықтар