Алматыда көлік апатынан 3 жасөспірім зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жалға берілетін көлік ағашқа соғылып, кәмелетке толмаған үш бала жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 12 қаңтарда түнгі сағат 23.00-де Алатау ауданындағы Шәріпов көшесінде болды.

«Volkswagen Polo» көлігінің жүргізушісі 2001 жылы туған А. есімді азамат рөлге ие бола алмай Шәріпов көшесімен оңтүстік бағытта, №154 үйге қарама-қарсы өсіп тұрған ағашқа соғылған.

«Апатқа ұшыраған көліктің ішінде отырған үш жолаушы түрлі дене жарақатын алды. 2006, 2003 және 2001 жылы туған жасөспірімдер қаланың емдеу мекемелеріне жеткізілді, дәрігерлердің қарауынан кейін балалар үйлеріне жіберілді. Материалды Алатау аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр «, - деді Алатау аудандық полиция басқармасының өкілі Олжас Шәріпов.


Соңғы жаңалықтар