Алматыда көлік апаты: Жүргізушіні ТЖД қызметкерлері алып шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Hyundai Accent көлік апатына ұшырап, жүргізушіні қираған көліктен ТЖД қызметкерлері алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты әл-Фараби көшесінің бойында болған. 

Батысқа бағыт алып бара жатқан Hyundai Accent жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Автокөлік айналып барып тротуардан асып түскен. Машина сондай-ақ көшеге жарық беретін шамның бағанын істен шығарған.

Жүргізуші жігітті қираған көліктен алып шығу үшін ТЖД қызметкерлері атсалысты. Дәрігерлер оны ауруханаға алып кетті. Оның қолында ашық сынық жарақаты бар. 

Соңғы жаңалықтар