Алматыда көлік аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері көліктердің аккумуляторларын қрлаумен айналысып жүрген бір топ ұрыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурызбай ауданы полиция басқармасының мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері 4 адамнан тұрады және олардың барлығы Қазақстанның басқа аймақтарынан келген. Олар өздерінің жымысқы әрекеттерін көбіне қаланың жекеменшік секторында жүзеге асырған.

«Олар түнде үй қақпаларының қасына қойылған және дабыл жүйесі жоқ көлік құралдарын іздейтін болған. Осы іске әбден машықтанған олар көлік аккумуляторларын бірнеше минуттың ішінде шығарып алып, іздерін жасырған. Дегенмен олар олар ұсталды, қазір қамауда отыр. Ұсталған азаматтың әрқайсынының қылмысты іске асыруда қандай рөл атқарғаны тергеу кезінде анықталады», - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дінмұхамед Әуелхан.

Бұдан басқа, қазіргі кезде ұсталғандардың осыған ұқсас 13 ұрлыққа қатысы анықталған, бұл эпизодтар бойынша айғақ дәлелдер алынып, қылмыстық іс материалдарына қатыстырылды. Полицияда сондай-ақ жедел бөлімше қызметкерлері басқа қылмыстық фактілерді, сондай-ақ ұрланған аккумуляторларды сату орындарын анықтауға бағытталған шараларын өткізіп жүргенін атап өтті.

nullnull

Гүлзат Сахова

Соңғы жаңалықтар