Алматыда көлік ағашқа соғылып, төрт адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түнде болған жол-көлік апаты салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 17 маусымға қараған түні сағат 03:20-да әл-Фараби даңғылының бойында болған.

«Infiniti» көлігі әл-Фараби бойымен шығыс бағытта келе жатады. Ходжанов көшесінен өтіп бара жатып, жүргізуші рөлді басқара алмай қалған. Автокөлік бордюрдің, арықтың үстінен өтіп, содан кейін бар жылдамдықпен ағашқа соғылды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан аталған автокөліктің жүргізушісі және оның үш жолаушысы жарақат алды, олар Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасына жеткізілді «, - деді полиция өкілі Олжас Шәріпов

ҚРҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар