Алматыда көлігінде қару сақтап жүрген адам ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полицейлер күдік туғызған көліктен қару тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқық қорғаушылар магистральді көшелердің бірінде ақ түсті «Тойота Камри 70» көлігін тоқтатқан.
«Тексеру кезінде жүргізушінің көлік жүргізуге рұқсат құжаты жоқ болып шықты. Ол қалада бөтен біреудің көлігімен жүрген. Инспекторлар көліктен жарық және дыбыс сигналдарын шығаратын құрал тауып алды. Ереже бұзған адам сабырсызданып қайта-қайта біреулерге телефон шалумен болды», - деді полицияның баспасөз қызметі.
Ал көліктің жүк салғышынан «Байкал» травматикалық тапаншасы мен оқ-дәрілер қорабы, екі көлік нөмірі, 100 долларлық купюралар қаптамасы табылды.
«Бұл заттардың кімге тиесілі екенін ол түсіндіре алмады. "Менікі емес" деп ақталды. Көліктің есептен шығарылғаны, алайда қайта тіркелмегені белгілі болды. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлімімен қару жарақты сақтау, ұстап жүру, сату бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік иесі машинасын біреуге рұқсатсыз бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік айып тұрағына қойылды», - деді полиция департаментінен.
- Елімізде ұрлықтың қайталану фактісі ауыр қылмыстар санатына енгізілуі мүмкін
- Түркістанда жоғалған 14 жасар қыз Алматыдан табылды
- Қызылордада 14 мал ұрлығы қылмысының беті ашылды
- Ақтөбеде қыз алып қашқандар ұсталды
-
Қызылордада бес жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сотталды
-
Ақтөбеде бір отар қой ұрлап, сойып алған топ ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам