Алматыда «Көкжайлау» курортының жобасы таныстырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 200-ге тарта бизнес-қауымдастық өкілдеріне «Көкжайлау» курортының жобасы таныстырылды.

Туристік нысанның жобасын Сингапурдағы беделді ECOid дизайнерлік бюросы жасаған. Жобаны жасаған дизайнерлерге қазақтың бірегей мәдениеті мен ұлттық нақышын паш етіп қана қоймай, қоршаған ортаға залалын тигізбейтін ықшам нысан салу тапсырылған болатын. Нәтижесінде сингапурлық мамандар ежелгі Жібек жолын еске түсіретін керуен сарайдың эскизін таңдаған болатын. Олар «Көкжайлау» сараптау кеңесінің мүшелерініңде пікірін қаперге алды. Кеңес мүшесі, «Доломиты Суперски» итальяндық курортының директоры Алессандро Марцола таныстырылған жобада барлық қажетті талаптар ескерілгенін атап өтті. «Маған дизайнның жобасы ұнады. Бұл жерде 2 нәрсе ескерілген: біріншіден, курорт өзге нысандарға ұқсамайды. Екіншіден, курортта жеке үйлер жоқ, тек қонақүйлер ғана орналасқан. Біз Альпідегі курорттардың қателігін қайталағымыз келмейді. Ондағы жеке үйлерге туристер тарапынан сұраныс жоқ. «Көкжайлау» курорты жыл бойы қызмет ететін болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар