Алматыда «Көкжайлау» курорты бойынша сот отырысы өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қалалық сотында таңғы сағат 11:30-да басталған «Көкжайлау» ісі бойынша сот отырысы әлі жалғасып жатыр.

Сот отырысы барысында «Зеленое спасение» экологиялық қоғамының «Көкжайлау» курорты ТЭН құрамында шығарылған мемлекеттік сараптаманы жарамсыз деп тану туралы шағымы қаралуда.

Шағым бойынша жауап беруші ретінде Алматы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы қатысып отыр.

«Зеленое спасение» қоғамының хабарлауынша, бүгінгі отырыс барысында судья екі тараптың да уәжін тыңдады. Енді аталған шағым бойынша сот шешімі ертең таңертеңгі сағат 9:30-да белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар