Алматыда қоқыс полигоны өртеніп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу ауданына қарасты «Көкжиек» шағын ауданында, міне, осымен екінші күні қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Құзырлы органның мәліметінше, өрт жайлы хабарлама кеше кешкі 20.30-да кезекші пультіне келіп түскен.

«Алдын-ала болжам бойынша өрт кұрғақ шөптің тұтануы салдарынан болған. Жалын 50 шаршы метр жерді шарпыды. Оқиға орнында №12 өрт сөндіру бригадасының жеке құрамы жұмыс істеуде», - делінген хабарламада. Төтенше жағдайдан жапа шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар