Алматыда Көктөбеден өрт шықты

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тау баурайындағы табиғи өрт тоқтар емес. Енді Көктөбе саябағы маңында қураған шөп жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы тарап жатыр.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне сағат 18:58-де Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78 мекенжайы бойынша өрт шыққан туралы хабарлама түсті.

«Тұтанған табиғи өртті сөндіруге өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі шақыртумен жіберілді», - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, бұдан бөлек, бүгін таңғы сағат 11:08 шамасында Медеу ауданындағы тау бөктерінде қураған шөп жана бастаған болатын.

Ал Кеңсай зираты аумағында тұтанған табиғи өртті сөндірумен қазір 100-ден астам адам айналысып жатыр.







Видеодан алын ғ ан кадр


Соңғы жаңалықтар