Алматыда «Көктөбе» телемұнарасы маңынан екі мылтық табылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында «Көк-төбе» телемұнарасының маңында бұталардың арасынан тегіс ұңғылы екі мылтық табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаевтың айтуынша, кинолог- инспектор қызметтік-іздестіру итімен бірге телемұнараның төңірегін тексереді.

«Олар бұталардың арасынан екі мылтық тапты. Табылған затты тергеу-жедел тобы тәркілеп, қарудың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатқа пайдаланылған болуы да мүмкін», – деді Дәурен Өтебаев.

Сондай-ақ ол заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды полицияға өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берілетінін және қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, егер олардың қылмыс жасауға қатыстылығы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.


Соңғы жаңалықтар