Алматыда Көктөбе саябағында жаңа аспалы жол ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Көктөбе саябағында жаңа аспалы жол ашылады. Мұндай келісімге Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен Франция Президенті Франсуа Олландтың кездесуі барысында Францияның "Монтань" кластерінің басшысы Бинуа Робер мен қалалық туризм басқармасының басшысы Бақытжан Жоламанов қол қойды.

Жобаны "Нұрбанк" АҚ қаржыландырмақ. Францияның "Пома" компаниясы SIGMA деп аталатын жаңа кабина және өзге де тау индустриясы жабдықтарымен қамтамсыз етпек.

Жаңа аспалы жол 2015 жылдың жазында пайдалануға беріледі.

Франция тарабы Алматыда тау туризмін дамытуға ынталы екендігін жеткізді.

"Бүгін Алматы таулары Францияның Альпісімен қол алысып тұрғандай боп тұр. Біз осында 10 жылдан бері жұмыс жасап келеміз. Француз тау шаңғысы индустриясы Алматыда Табаған, Ақбұлақ, Шымбұлақ тауларындағы туризмді дамытуға мүдделі",- деді Б. Робер.

Соңғы жаңалықтар