Алматыда көктемгі марафонға байланысты әл-Фараби көшесі жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көктемгі марафонға байланысты әл-Фараби көшесі жабылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорттық шара сенбі күні, 17 наурызда, таңғы 6-дан түскі 12-ге дейін өтеді.

Автокөліктерге Қозыбаев көшесінің солтүстігінен Мұстафин көшесіне дейінгі жол жабық болады.

«Биыл екінші көктемгі марафонға 1000 адам тіркелген. Бұл Алматы марафонының финалдық жарысына дайындықтардың бірі болып табылады», - деді Алматы Марафонының директоры Салтанат Қазыбаева.

Спорттық шарадан соң жол қозғалысы қалпына келтіріледі.

null 

Соңғы жаңалықтар