Алматыда көктемгі марафон басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оңтүстік астанада «Алматы марафоны» аясындағы көктемгі марафон өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұқаралық спорттық шараға үлкендерден бастап, кішкентай бүлдіршіндер де қатысты.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан көктемгі велошеруге шыққан 1000 жуық қатысушы көзделген қашықтыққа дейін жүріп өтті. Ең жас марафоншының жасы 9-да.
null 

«Көктемгі марафон үлкен марафонға дайындықтың ақтық кезеңі болып табылады. Қазір бізде Алматы марафонына үлкен дайындық жүріп жатыр. Марафон қатысушыларының дайындығын көріп отырып, Алматы марафоны жоғары дәрежеде өтетініне сенеміз», - деді «Алматы марафон» директоры Салтанат Қазыбаева.
null null      

Ересек адамдар «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан Мұстафин көшесіне дейін 14 шақырым жүгірсе, балалар Есентай өзеніне дейін 3 шақырымды бағындырды.

Нәтижесінде бірінші болып мәре сызығын Дмитрий Иванчуков, екінші болып  Ислам Аманғос, үшінші болып  Ержан Жанарыстанов кесіп өтті.

nullӘйелдер арасында  Светлана Саунина, Аида Естерекова мен Зейнегүл Жаманбалиева үздік үштіктен көрінді.

Балалар арасында  Александр Тен  мен Адия Қадырова жеңіске ие болды.

Жеңімпаздардың барлығына ақшалай сыйлық пен бағалы заттар табысталды.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар