Алматыда көктемгі ағаш егу науқаны басталды

None
Фото: Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл сайынғы жапырақты және қылқын жапырақты ағаштарды отырғызу маусымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінен хабарлағандай, биыл көктемде «Жасыл аула» науқаны аясында тұрғындармен бірлесе отырып, 10 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.

«Қала тұрғындарына барлығы 2638 ағаш көшеттері беріледі. Шегіршін, сәнағаш, шаған мен қайыңның көшеттері 1, 2 және 8, 9 сәуір күндері беру жоспарланды. Науқанға қатысушылар отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптауға міндеттелген», - деп хабарлады әкімдіктен.

Жалпы, ағаш отырғызу маусымы мамыр айының соңына дейін жалғасады. Ағаш отырғызудың негізгі науқаны күз кезінде болады. Биыл күзде 300 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Көпшілік ағаштар Алатау және Наурызбай аудандарында отырғызылатын болады.



Соңғы жаңалықтар