Алматыда көктайғаққа қарсы 64 тонна құм себілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінде көктайғақтың алдын алу мақсатында коммуналдық қызмет өкілдері 64 тонна құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалада түнгі 03:00-дер шамасында жауынның арты қарға ұласа бастаған.

Қаланың ішіне жауған қардың қалыңдығы тобықтан аспаса, таулы аймақтардағы қар қалыңдығы 10 см-ге жеткен.

Қаланың коммуналды қызметтері көктайғақтың алдын алу мақсатында қала көшелеріне 64 тонна құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты.

Шаһардағы қарды тазалауға 411 техника мен 1416 жұмыскер жұмылдырылды.

Осыған дейін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болатындығы хабарланған.

Соңғы жаңалықтар