Алматыда көктайғаққа қарсы 1 300 тонна құм себілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінде көктайғақтың алдын алу мақсатында коммуналдық қызмет өкілдері 1300 тонна құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалада түнгі 02:00-лер шамасында ылғал қар жауа бастады. Қаланың ішіне жауған қардың қалыңдығы 5 см.

Қаланың коммуналды қызметтері көктайғақтың алдын алу мақсатында қала көшелеріне 1 300 тонна құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, ортақ пайдалану орындарын тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Қарды тазалауға 526 техника, оның ішінде 195 құмшашқыш және 1 340 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Қазгидрометтің болжамы бойынша қар аралас жауын түстен кейін тоқтайды. Ауа температурасы бүгін күндіз 0, -2 градус.


Соңғы жаңалықтар