Алматыда көктайғақ: Бір қиылыста 4 жол апаты болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Тәтібеков көшесінде ірі жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, аталған қиылыста люктен су толассыз ағып, таңға жуық көктайғаққа айналған.
null

null 

Таңнан бері бұл жерде 4 жол апаты тіркелді.

Тойота Марк ІІ Тәтібеков көшесімен шығысқа бағыт алып бара жатып, көлікті тоқтата алмай сырғанап барып, қарама-қарсы келе жатқан № 54 жолаушылар автобусына соғылған.
null 

Соққыдан көлік жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Ал автобустың 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Полиция болған оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
null null null 
null 

Соңғы жаңалықтар