Алматыда қоғамдық көлікті құжаты жоқ шетел азаматы айдаған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көлікті жүргізіп жүрген құжатсыз шетелдік азамат анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, Өзбекстан азаматы №126-шы бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдаған.

Аталған деректі Әуезов ауданының полицейлері «Қауіпсіз жол» айлығы барысында анықтады.

«Тексеру кезінде жүргізушіде өзімен бірге жеке басын растайтын құжаттары да, жүргізуші куәлігі де болмады. Ер адам оларды жұмыс орнында ұмытып кеткенін айтты. Бұл – Заң талаптарын анық ескермеу және соның салдарынан жолаушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіру. Жүргізуші мен автопарк басшылығына қатысты әкімшілік шара қолданылды», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.

Сонымен қатар, полиция өкілі Алматыда 19 шілде мен 18 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық айлығы өтіп жатқанын еске салды.


Соңғы жаңалықтар