

Алматыда қоғамдық көліктердің мүгедектерге ыңғайлылығы тексерілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2-4 желтоқсан аралығында республикалық «Бірдей мүмкіндіктер жолы» акциясы өтті. Апталық барысында әкімшілік полиция қызметкерлері автобустардың мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлылығын тексерді.
Сондай-ақ, полицияның хабарлауынша, жыл басынан бері мүгедектердің құқығын бұзатын 1 мыңға жуық құқықбұзушылық тіркеді.
«Бүгінде Алматыда 50 реттелетін қиылыс, 94 бағдаршам, 102 тақырыптық панно, 788 жол белгісі орнатылған. Қаладағы 738 нысан 1 054 тұрақ орнымен қамтылған. Қалалық ІІД мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірінің сапасын арттыруға бар жағдай жасап отыр», - деді ІІД өкілі Жандос Мұраталиев.
Кеңеске қатысушылардың хабарлауынша, 600 автобус пандуспен қамтылған. Сондай-ақ, қалада 14 «Инватакси» мен Volkswagen Сrafter автобусы қызмет етеді.
Аталған қызмет қалалық бюджеттен қаржыландырылады.
Jańalyqtar



















