Алматыда қоғамдық көліктердің экологиялық талапқа сай болуы тексерілуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала тұрғындары қоғамдық көліктен шыққан зиянды газ шығарындыларына байланысты әлеуметтік желіде шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram парақшасында аталған мәселенің расталғанын айтып, автобус шығарындыларындағы ластаушы заттардың шамадан асып кеткенін мәлімдеді.

«Тексеріс нәтижесінде 1983 жылы туған азамат анықталды. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабы бойынша (Шығарындыларда ластаушы заттардың болу нормативтерінен (техникалық нормативтерден) асыра отырып, автомотокөлiк құралдары мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- деп жазды әлеуметтік желіде Р.Абдрахманов.

Сондай-ақ, Рустам Абдрахманов автопарктың басқа да жауапты тұлғаларына тексерістер жүргізіліп жатқанын атап өтті.



Соңғы жаңалықтар