Алматыда қоғамдық көліктердің бағыты өзгерді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көліктің жаңа бағыты ашылып, бірнешеуі қозғалыс сызбасын өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы көлік холдингінің мәліметінше, 15 тамыздан бастап жаңа №53 автобус іске қосылды. Жүру маршруты: «Мамыр-1» ықшамауданынан бастап, Момышұлы көшесі бойымен Райымбек даңғылына барады. Жол бойында №7 қалалық ауруханадан өткен соң, «Теректі» ықшамауданына қарай оңға бұрылады. Ары қарай №184 мектептен өткен соң бұрылып, кері бағытта жүреді. Райымбек даңғылынан соң, Момышұлы көшесімен көтеріліп, Абай даңғылына бұрылады, кейін Саин - Шаляпин көшелерінің қиылысына барады.

Сонымен қатар 15 тамыздан бастап № 110, 116, 137, 138, 212-ші маршруттардың бағыттары өзгерді.

№ 110 автобус енді Абай даңғылымен жүріп, Момышұлы метросына жетеді, әрі қарай сызба бойынша қозғалады.

№ 116 автобус енді «Нұрлы тау» ықшамауданынан шыққанда, Әл-Фараби даңғылынан Гагарин даңғылына бұрылып, Тимирязев көшесі - Радостовец көшесі - Жандосов көшесі - Гагарин даңғылы - Төле би көшесі - Розыбакиев көшелерін басып өтіп, ары қарай сызба бойынша жүреді. Кері бағыты: Розыбакиев - Төле би - Гагарин - Жандосов – Айманов Тимирязев - Гагарин - Қожабеков - Розыбакиев көшелері, ары қарай қалыпты сызбамен жүреді.

№137 маршрут екі бағытқа ( №137 және №138) бөлінді. №137 маршрут қозғалысы «Адем - 1» сауда орталығынан басталып, одан ары бұрынғы сызбамен жалғасады. Кері бағытта Солтүстік айналымның жол айырығына жеткен соң, бұрылып, ары қарай «Адем -1» сауда орталығының аялдамасына қарай жүреді.

№138 маршрут «Жетісу» базарынан Рысқұлов даңғылы - Сейфуллин даңғылы - Ақан сері көшесі - Жұмабаев көшесі - Солтүстік айналма жолы, «Адем-1» сауда орталығына дейін қатынайды. Кері бағытта Солтүстік айналма жолы - Жұмабаев көшесі - Сейфуллин даңғылы - Рысқұлов даңғылы - Жаяу Мұса көшесімен жүріп, «Жетісу» базарына келеді.

№212 автобусы енді Жандосов көшесімен келе жатып, Саин көшесіне бұрылады, Рысқұлбеков көшесінен өткен соң бұрылып, Жандосов көшесіне дейін кері бағытта жүреді, әрі қарай – сызба бойынша.

Еске салайық, елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 14 автобустың қозғалыс бағыты өзгертілді.


Соңғы жаңалықтар