+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда қоғамдық көліктерде ақы төлеудің жаңа жүйесі 2016 жылдың 11 қаңтарынан басталады

2015 жылғы 23 қараша 15:48
Бөлісіңіз:
Алматыда қоғамдық көліктерде ақы төлеудің жаңа жүйесі 2016 жылдың 11 қаңтарынан басталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап, Алматыдағы барлық қоғамдық көліктер ақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеді.

«Қала тұрғындары карталарды белсенді түрде сатып алып жатыр. Жүргізілген мониторингке сәйкес, электронды билеттендіру жүйесі 11 қаңтардан бастап толығымен іске қосылады», - деді қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Дәурен Әлімбеков.

Ескі төлем жүйесі жылдың соңына дейін жұмыс жасайтын болады. Жаңа жүйе айналымнан нақты ақшаны алып тастауға бағытталған.

«Жол жүру билеттерінен бас тарту уақытша көрініс табатын болады. Оны енгізу үшін жолаушылар ағыны туралы нақты статистика керек. Сонан соң ғана тасымалдаушыларға демеу қаржы бере аламыз», - деді Д.Әлімбеков.

Айта кету керек, Алматы әкімдігі қоғамдық көлікте жаңа төлем жүйесін енгізген болатын. 1 қазаннан бастап, жолаушылар «Оңай» терминалдары арқылы ақы төлеп келеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT