Алматыда қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейтін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 19 қаңтардан бастап қоғамдық көліктер қалыпты режим бойынша жұмысын жандандырады. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда коменданттық сағат пен төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты қоғамдық көлік (автобус,троллейбус, метрополитен) 19 қаңтардан бастап таңғы сағат 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін, метрополитен 00:00-ге дейін жұмыс істейтін болады»,- делінген басқарма таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 19 қаңтарда жарым түннен кейін Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылады.

Еске салайық, 5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдегі жағдайға байланысты Төтенше жағдай жарияланып, түнгі сағат 23: 00-ден таңғы 7: 00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген болатын.


Соңғы жаңалықтар