+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Алматыда қоғамдық көлікте маска режимін бұзған 52 адамға айыппұл салынды

2021 жылғы 15 қыркүйек 19:35
Бөлісіңіз:
Алматыда қоғамдық көлікте маска режимін бұзған 52 адамға айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көлікте маска режимін бұзған 52 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматының шеткі аудандары қалай дамып жатыр Алматыда жолайрық құрылысына байланысты көшелердің бірі жабылады ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Алматыда мониторинг топ өкілдері 108 автобус пен троллейбуста маска режимінің сақталуын тексерді.

Эпидемиологтардың айтуынша, қоғамдық көлік коронавирусты жұқтыруы мүмкін орындардың қатарында және тексерушілердің жұмысы күшейтілген. Олар жолаушылар мен көлік жүргізушілерінің масканы дұрыс тағуын қадағалайды.

Мысалы, 13-14 қыркүйекте Алматыда жүргізілген тексерулер кезінде ҚР ӘҚБтК 1-бөлімінің 425-бабы бойынша қоғамдық көлікте бетперде режимін сақтамағаны үшін 52 жеке және 1 заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Екі күн ішінде 222-ден астам автобуста мониторинг жүргізілді. №34, 36, 72, 73, 102, 135, 217, 120,25,65,66,5,19,66,141,29, 202,78,23,47,118,16,67,11 қала бағыттарында бұзушылықтар анықталды.

Жалпы, жыл басынан бері қоғамдық көлікте 688 автобусқа мониторинг жүргізілді, жолаушылар арасында 140 ереже бұзушы анықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT