Алматыда қоғамдық көлікке 800 жүргізуші қажет

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазір қаладағы қоғамдық көліктерге шамамен 800 жүргізуші жетпейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда 800 жүргізуші тапшы. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің жетіспеушілігін болдырмау үшін тасымалдаушылар жүргізушілерге жағдай жасауы қажет (облыста тұратын жүргізушілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақыны көтеру және та,ы басқалары). Теріс KPI бар Алматы қалалық қоғамдық көлік жүргізушілерінің «қара тізімінде» 88 автопарк жүргізушісі бар», - деп жауап берді Алматы қалалық мобильдік басқармасы ҚазАқпараттың сауалына.

Бұған дейін биыл Алматыда 600-ден астам автобус сатып алу жоспарда екенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар