Алматыда қоғамдық кеңес қаңғыбас иттер мәселесімен айналыспақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық кеңес қала тұрғындары үшін аса маңызды әлеуметтік мәселелермен айналыспақ. Оның ішінде қаңғыбас иттерді жою мәселесі бірінші кезекте тұр.

Мамандардың айтуынша, бұл қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін үлкен маңызы бар мәселе.

Жақында «Ақбұлақ» шағын ауданында 3 жастағы қыз баланы қаңғыбас иттер талап өлтірген болатын.

«Бұл адам түршігерлік жағдай. Қалада мәселе өте өзекті. Президиумда аталған іс бойынша тыңдау өткіземіз. Мәслихат бұл проблеманы бір емес, бірнеше рет көтерген. Бұл сұрақты жоспарға енгіздік», - деді Қоғамдық кеңестің төрағасы, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов.

Ал қоғамдық кеңес мүшесі, «Альтернатива» медиация орталығының президенті Анна Данилинаның айтуынша  жиында тек иттерді аулау ғана емес, иттерді серуенге шығару ережесіне қатысты мәселелер де талқыланатын болды.

Соңғы жаңалықтар