+7 (701) 759 90 19
USD 427.41 EUR 519.47
RUB 5.78 CNY 66.38
Jańalyqtar

Алматыда қоғамдық келісімді нығайтуға қатысты республикалық семинар өтіп жатыр

2021 жылғы 5 мамыр 12:42
Бөлісіңіз:
Алматыда қоғамдық келісімді нығайтуға қатысты республикалық семинар өтіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған республикалық семинар онлайн форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда аулаларын жайлы етеміз - Алтай Көлгінов Семей тұрғындары сенбілік акциясын өткізді Дулат Әбілдин: Жаһандану дәуірінде отбасылық құндылықтарды сақтай білуіміз қажет

Практикалық семинар этносаралық қатынастарды реттеудегі тәсілдерді жетілдіру, осы саладағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдар қызметінің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері, этномәдени бірлестік басшылары мен ҚХА өңірлік құрылымдары өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, этномәдени бірлестіктер, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар ұйымдары өкілдері мен студенттер қатысып жатыр.

Семинар барысында этносаралық қатынас мәселелері мен проблемалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен және мүдделі азаматтармен бірлескен жұмысы кеңінен талқыланатын болады.

Іс-шараға қатысушылар түрлі этникалық топтардың табысты өмір сүруінің және өзара іс-қимылының тәжірибесімен бөліседі.

Республикалық семинар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT