+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда қоғамдық бақылау тобы өз жұмысын бастады

2020 жылғы 15 шілде 17:46
Бөлісіңіз:
Алматыда қоғамдық бақылау тобы өз жұмысын бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Covid-19 бойынша «Қоғамдық бақылау» ұйымы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық бақылау тобы құрылды. Денсаулық сақтау министрлігі бізбен бірге жұмыс жасауға бекінді. Барлық аймақтарда үйлестірушілеріміз бар. Біз гуманитарлық көмектің бөлінуі, дәріханалар мен аураханалардың ахуалы, шектеу шараларын бұзу мәселелерін бақылаймыз. Жақын арада ұйым құқықтық мәртебесін алып, мүшелерімізге куәлік құжаттары беріледі. Біз барлық мәселеге обьективті көзқараспен қараймыз», - деді қоғамдық бақылау тобының үйлестірушісі Саида Тәуекелева.

Қоғамдық бақылау тобы құрамына қоғам белсенділері, еріктілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мен БАҚ өкілдері енді. Гуманитарлық жүктің бөлінуін бақылайтын топ «СҚ «Фармация» қоймаларын аралады. Ол жерде Қытайдан келген гуманитарлық жүк бөлінген болатын.

Бұл бақылау тобы әлеуметтік желі арқылы Катардан, Ресей мен Қытайдан келген гуманитарлық жүктің ауруханаларға қалай үлестіріліп жатқанын жариялады. Суреттер мен видеоны әлеуметтік желіден көруге болады.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Қызылордаға Қытайдан 34 мың маска және 8 мың қолғап жеткізілгенін жазған болатынбыз. Ал 14 шілдеде Павлодар облысына Катардан жеке қорғаныс заттарынан құралған гуманитарлық жүк келіп түскен .

11 шілдеде ҚР ДСМ басшысы Алексей Цой елде медициналық ұйымдардың жұмысын бақылайтын тәуелсіз ұйым құрылатынын айтқан болатын. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның тапсырмасымен «Қоғамдық бақылау» акциясына ҚазАқпарат ХАА ақпараттық қолдау көрсетеді .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT