Алматыда климатологтар бүкіләлемдік жылынуға қатысты аймақтық бейімделу жолдарын талқылауда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда климаттық өзгерістерге байланысты ІІ Орта Азиялық форум өз жұмысын бастады. Бүкіләлемдік банктің мұрындық болуымен ұйымдастырылып отырған шара мамырдың 15-іне дейін жалғаспақ.

Форумға Орта Азия елдері мен Қазақстаннан 150 ресми тұлға мен делегат қатысуда.

Осыдан 2 ай бұрын Орта Азиядағы 5 елдің сарапшысы қатысқан жиын барысында климаттық өзгерістерге қатысты Орта Азия аймақтық бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленген болатын.

Бүгін Алматыдағы форумда мамандар тұжырымдаманы жан-жақты талқылауға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара аймақтағы 5 елдің сарапшыларын біріктіретін сұхбат алаңына айналып, тиімді шешім шығаруда оң ықпалын тигізеді.

«Жер беті - тұтас бір ағза. Климат үшін шекара деген түсінік жат. Сондықтан, Орта Азия аймағындағы 5 елдің бірігуі өте маңызды. Әр елдің белгілі бір тәжірибесі бар. Біз бүгінгі форум арқылы шекараны бұзып, өзара пікір және тәжірибе алмасуды көздеп отырмыз», - деді Бүкіләлемдік Банктің табиғатты пайдалану мәселесі бойынша жетекші маманы Джитендра Шах.

Мамырдың 15-інде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінң өкілдері қатысып, форумның негізгі қарары қабылданады. Сондай-ақ, негізгі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыға түспек.

«Форум барысында аймақтық сарапшылар тарапынан айтылған ұсыныстар мен тиімді инвестициялық жобаларды қаржыландыруды Бүкіләлемдік банк өз мойнына алады», - деді банк өкілі Күлсім Ахмет.

Соңғы жаңалықтар